ТДМ 4. Ашық кураторлық сағат "Қарттарым - асыл қазынам"

8 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде қарттар күніне орай  "Қарттарым - асыл қазынам" атты ашық  кураторлық сабақ болып өтті. Кураторлық сабаққа  жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары, магистрантттар және стандарттау және сертификаттау мамандығының 1 курс  (СжС-133) студенттері   қатысты.

Ic-шараны магистранттар Жанғырханова Н. және  Райымқұлова М. өздерінің дайындаған видео-роликтерімен бастап, қысқаша баяндамаларымен жалғастырды, сонымен қатар стандарттау және сертификаттау мамандығының 1 курс студентттері топтарға бөлініп, осы тақырып аясында арнайы дайындалған слайдтарын баяндадады.

Кураторлық сағатта студенттер мен магистранттар пікір алмасып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын бөлісті. Негізі, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел. 

          Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.. деген пікірмен тарқасты