ТДМ 4. «Ата-әжеге» алғыс атты өткізілген ашық кураторлық сағат

14 қараша, 2023

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының рухани-адамгершілік тәрбие беру 3 тармағын орындау және студенттердің бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды,   рухани- адамгершілік және этикалық ұстанымдар мен  моральдық  принциптерді қалыптастыру мақсатында «Ата-әжеге» алғыс атты кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағатқа  Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары, магистрантттар және жылуэнергетика мамандығының 1 курс  (ЖЭ-139 тобы) студенттері   қатысты.

Ic-шараны Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы Әмір Б.Т. жүргізіп, студенттерге презентациялық материалдар, видео-роликтер көрсетіп аталған тақырып бойынша қысқаша баяндама жасалды.

Сонымен қатар іс-шара барысында ЖЭ-139 тобының студенттері мен магистранттар осы шараға қатысты өз ойларымен бөлісті.

Кураторлық сағат барысында студенттер мен магистранттар пікір алмасып, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Студенттер арасында үлкенге құрмет, кішіге ізет жасау мағыздылығы түсіндіріліп, әр қашан үлкендерді сыйлап, кішіні ренжитпеу қағидасын ұстану туралы айтылды.