Қазақ хандығын және оның дипломатиясы атты дөңгелек үстел өтті

13 сәуір, 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында ҚазҰУ ХҚФ-нің «Шығыс жұлдызы» мен ҚазҰУ ШТФ -нің« Жібек жолы» үйрмесінің ұймдастырыумен 2 сәуір 2015 жыл сағат 13.30 313 аудиторияда «Қазақ хандығын және оның дипломатиясы» атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелдің ресми қонағы дипломатиялық қатынастар тарихын зерттеуші ғалым, қытайтану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Нәбижан Мұқаметханұлы. Дөңгелек үстелдің көркін қыздырған «Шығыс жұлдызы» үйірмесінің жетекшісі: т.ғ.к., доцент Балаубаева Б.М. және «Жібек жолы» үйірмесінің жетекшілері: т.ғ.д., с. Ж. Сапанов, аға оқытушы Абдурақын Н., аға оқытушы Жанат Зейноллақызы.

Бірінші болып шеп бұзған аға оқытушы Абдурақын Н. «Сақтардың сарқыты» атты баянама жасады. Отырғандардың бойына қан жүгіріп, рухы көтеріліп сергіп қалды, артынша іркес-тіркес баяндама жалғасты.

Шығыстану факультеті бойынша баяндамашылар:

“Қазақ халқының этномәдениеті: қазақ халқының ұлттық ойындары мен музыкалық аспаптары” тақырыбы бойынша 1 курс студенті Бекенова Асем.

“Қазақ халқының этномәдениеті: қазақ халқының дәстүріндегі бала тәрбиесі” тақырыбы бойынша 1 курс студенті Бұрхан Баян.

“Қазақ халқының этномәдениеті: салт дәстүрі мен ұлттық тағамдары” 1 курс студенті Азбаева Арай. “Қазақ халқының этномәдениеті: қазақ халқының ұлттық киімі” 1 курс студенті Естакова Диана

Халықаралық қатынастар факультеті бойынша баяндамашылар:

Қасым ханның дипломатиялық қатынастары Жармұхамедова Аида.

Тәуке ханның дипломатиясы Қосылғанова Нұрбейне, Ермеков Темірлан.

Абылай ханның жоңғарлармен дипломатиялық қатынасы Шарипова Гаухар.

Абылай ханның Ресеймен дипломатиялық қатынасы Қожалимова Ақерке.

Абылай ханның Цин империясымен дипломатиялық қатынасы Тұрды Лина, Ахмет Әділет.

Абылай ханның Өзбек хандарымен дипломатиялық қатынастары Лесбекова Айдана, Нұрғазиев Ербол.

Тамаша тарлан ойларға бөкен қатысушылар асқар таулардың басынан түсеалмай біраз уақыт алысқа қарап тұрды.