Алтын күз

17 қараша, 2023

Бүгін ҚазҰУ бейіндік мектебінде Алтын күз мерекесінің сайысы өтті. Бұл сайысқа әрбір сыныптан қыз бен ұл қатысады. Алдын ала сайысқа қатысушылар сәнді киіммен келу ескертілген болатын. Қатысушылардың да түрлі әдемі киім-кешектерде болуы өтіп жатқан балға сән бергендей. Сайыс басталғаннан аяқталғанға дейін қызықтарға толы болды. Сайыста оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Арнайы сахналық нөмірлер көрсетіліп, әдемі әндер айтылып қана қоймай, ерекше сән үлгісі де көрсетілді.