Алматы менеджмент университетінің (AlmaU) ашық есік күні

15 қараша, 2023

15.11.2023 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейінді мектебінің  ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру  жұмыстарын іске асыру мақсатында Алматы менеджмент университетінің (AlmaU) ашық есік күніне қатысып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Іргелі оқу  орнының білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып,  сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды мағлұматтар берілді. Кездесу  аясында оқушылар мамандықтар жайында ақыл-кеңестер, керекті ақпараттар  алды. Оқушылар  мамандықты дұрыс таңдап, заманауи әлемде оны қалай іске асыруды, мамандықтармен тереңнен танысып, университет өмірімен танысып қайтты.