- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстан Республикасында жер құқық қатынастарының қалыптасуы мен даму тарихы»
«Қазақстан Республикасында жер құқық қатынастарының қалыптасуы мен даму тарихы»
ТДМ-4 «Сапалы білім беру» бағыты бойынша
14 қараша 2023 жылы сағ. 10.45-11.30 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті колледжінің заң пәндері оқытушысы Абишева Меруерт Нұрланқызы 2-курс, ПК-201 тобымен «Жер құқығы» пәні бойынша «Қазақстан Республикасында жер құқық қатынастарының қалыптасуы мен даму тарихы» атты тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Ашық дәрістің мақсаты: Сапалы білім беру аясында Қазақстан Республикасында жер құқық қатынастарының қалыптасуы мен қазіргі жағдайын талдау. Қалыптасу кезеңдерін қарастыру, жер заңнамасының өзекті тұстарын зерделеу болып табылады. Сонымен қатар, студенттерді өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Ашық сабақ барысында интерактивті құралдар мен әдістер қолданылып, тақырып аясында көріністер қойылып, сұрақ-жауап ойындары және презентациялар қорғалды. Ашық дәріс соңында студенттер қолдарына көк байрағымызды ұстап әнұран шырқады.
Ашық дәріске колледждің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты: К.Т.Райымбергенова, Ш.А.Мусалаева, Э.Б.Кенжебаева және т.б.