Халықаралық студенттер күні!

17 қараша, 2023

      Құрметті биология және биотехнология факультетінде оқитын барша студенттер қауымы, сіздерді бүгінгі 17 қараша студенттер күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ өмір, оқуларыңызда сəттілік тілейміз!!!

🔷 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 17 қараша күні студенттер күніне орай “БІЗ - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫМЫЗ!” атты жас таланттар байқауының гала концерті және марапаттауы ЖОҒАРҒЫ ДӘРЕЖЕДЕ өтті.

🔷 Байқауға факультетіміздің өнерпаз студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:

⚜ “Халық би” номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі орын.

⚜ “Актерлік шеберлігі” номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі орын иегері Иса Мағжан.

⚜ “Үздік ұл жүргізуші” номинациясы бойынша ІІ дәрежелі орын иегері Фуркан Хафиз.

⚜ “Мобилография өнері” номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі орын иегері Алдаберген Ерасыл.

⚜ “Қобызда ойнау шеберлігі” номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ иегері Абай Айдана.

🔷 Барлық қатысушы студенттерді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ және МАҚТАН ТҰТАМЫЗ! ❤

Халықаралық студенттер күні құтты болсын!