ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

19 қараша, 2023
  • Жансейіт Түймебаев QS рейтингтік агенттігінің президенті Нунцио Квакарелли және Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия бойынша QS рейтингтік агенттігінің аймақтық директоры Сергей Христолюбовпен кездесті.
  • Ректор ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Ләззат Ералиевамен және биология ғылымының докторы, Орегон ұлттық приматтарды зерттеу орталығы және АҚШ-тың Діңгекті жасушалар орталығының және ҚазҰУ профессоры Шухрат Миталиповпен жүзесті.
  • Жансейіт Түймебаев Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаевты мерейлі 75 жасымен құттықтап, құрмет көрсетті.
  • Жансейіт Қансейітұлы Литва Республикасының Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Эгидиюс Навикаспен кездесу өткізді. 
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы аясында Түркияның  «TRT» телеарнасы оқу ордасы туралы деректі фильм түсіріп, Жансейіт Түймебаевтан сұқбат алды. 
  • ҚазҰУ ректоры ҚХР Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институты басшысының орынбасары Джилили Абдувайли бастаған делегацияны қабылдады. 
  • Оқу ордасының басшысы тарихшы, құрметті профессор Ильбер Ортайлының «Түркия Республикасының 100 жылдығы. Түркі әлемі болашағының бағдары» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісіне қатысты. 
  • Жансейіт Түймебаев «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлымен кездесіп, серіктестікті арттыру бойынша өзара пікір алмасты.
  • Жансейіт Қансейітұлы инвесторлармен бірге ҚазҰУ қалашығы құрылысының ІІ кезеңін іске асыру жұмыстарын пысықтап, қалашықта жаңадан бой көтеретін  оқу корпустарының, жатақханалардың, инновациялық және ғылыми-зерттеу орталықтарының, емхананың орындарын аралап көрді. Сондай-ақ ғимараттардың дизайнымен танысты.
  • Ректор ҚазҰУ-дың барша білім алушы жастарын 17 қараша - Халықаралық студенттер күнімен құттықтады.