«Айналаңды нұрландыр»

13 сәуір, 2015

«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Мейірім – адам бойындағы қасиетті сезім, түйсікті баурап алатын ұлағатты ұғым. Шынайы мейірімді болу - өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Міне, осындай мақсатта қазақтың киелі шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының бастамасымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2015 жылы наурыз айының 19 күні шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты мерекелік іс – шара өтті. Бұл іс – шараға «Айналаңды нұрландыр» жобасы іс–шараларына қатысып жатқан барлық шет тілін оқытатын кафедралардан келген құрметті қонақтармен қатар кафедрамыздың оқытушы, студент құрамы толығымен ат салысты. Ерекше атап өтер жайт, «Жүректен жүрекке» атты бұл іс – шарамызға Алматы қалалық № 2 – ші мүгедек балаларға арналған мектеп – интернатының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қонақ ретінде келіп қатысты. Іс – шара жоғарғы деңгейде өтті.Жүрегімізбен, ізгі ниетімізбен, адал пейілімізді, жылу мейірімімізді келіп қатысушы барлық тыңдармандардың жүрегіне жеткізе білдік деп ойлаймыз. Әрқашан да жүрегімізді ізгілендіріп, айналамызды нұрландыра білейік.