«Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»

15 қараша, 2023

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-4) аясында  факультеттің кітапханасында 15 қараша күні «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» атты ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ аға оқытушысы М.Б.Амиркановтың «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» атты оқу құралының тұсау кесері өтті. Оған кафедраның тарих пәні секциясының мүшелері мен шетелден келіп білім алып жатқан қазақ диаспора өкілдері қатысты.
Кітап оқу – мәдениеттің ең жоғарғы үлгісі болып табылады. Кітап оқудың адамға берер пайдасы мол. Атап айтқанда, кітап оқу тұлғаның ой-өрісін дамытады, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттырады.