«Таразитану және қазақ әдебиетінің даму тенденциялары»

11 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2023 жылдың 21 қарашасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, жазушы, драматург, сценарист ӘШІМОВ ӘКІМ ҮРТАЙҰЛЫНЫҢ (ӘКІМ ТАРАЗИ) 90 жасқа толған мерейтойы қарсаңында өтетін «Таразитану және қазақ әдебиетінің даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады. 
Конференция 2023 жылдың 21 қараша күні сағат 11.00 де әл-Фараби кітапханасының 409 залында өтеді.