«Қазақстандағы су ресурстары проблемалары және оны шешудің жолдары»

17 қараша, 2023

Университет жоспары бойынша өткізілетін іс-шаралар аясында
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға байланысты 16 қараша күні сағат 17.00-де ««Қазастандағы су ресурстары проблемалары және оны шешудің жолдары» тақырыбында Биология және биотехнология факультетінде Биология мамандығы, 1 курс магистранттары арасында жобалық сабақ өткізілді. Жобалық сабақ барысында магистранттар ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында өзекті мәселелердің бірі еліміздің су проблемалары, яғни судың ластануы, су тапшылығы, ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, экологиялық проблемалар, ауыз судың сапасы жөніндегі ел алдында тұрған мәселерді атап көрсетілген болатын. Осы мәселелеге қатысты «Қазақстандағы су ресурстары проблемалары және оны шешудің жолдары» тақырыбы бойынша ой бөлісіп, қазірдің өзінде бір қатар облыстарда күрделі мәселеге айналып отырған болашақта елімізде су тапшылығы мәселелерін шешудің жолдарын талқылады. Су ресустарын үнемді пайдалану үшін еліміздегі су жүйесі саласындағы негізгі кәсіпорындардың жұмысын реформалау, еліміздегі су ресурстарының негізгі көзі болып табылатын өзендер мен көлдерді сақтау үшін су қорығын жасау, су ресустарын жіті қадағалайтын мамандандырылған мекемелер мен бақылаушы органдар құру сияқты су ресустарының тапшылығын болдырмауға қатысты бірқатар іске асырылуға тиісті шаралар мен жолдар атап өтіліп, соған қатысты ой пікірлер талқыланды.
Ұйымдастырушы: Баймуратова