«Ауруларды диагностикалау және емдеудегі инновациялар» (ТДМ3)

8 қараша, 2023

Бүгін молекулалық биология және генетика кафедрасының доцент м.а., б.ғ.к. Ыргынбаева Ш.М. жетекшілігімен 7М05105-Генетика Білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттарының арасында  «Ауруларды диагностикалау және емдеудегі инновациялар» атты ғылыми семинар өткізілді. Ғылыми семинар тұрақты даму мақсатының 3 міндетіне: жақсы денсаулық және амандыққа негізделген.

Шараның мақсаты – әртүрлі ауруларды диагностикалау және емдеуде халықаралық және ұлттық тәжірибені енгізу.

Ғылыми семинар барысында ауруларды диагностикалау және емдеудегі инновациялы технологиялар; Қазақстанның тұрақты дамуына үлес қосатын түрлі емдеу жолдарын дамыту; Ауруларды нақты диагностикалауда елімізде және шет елдерде қолданылатын технологиялар;  Аурулардың туындау себептері және олардың алдын алу; Кедейшіліктің экономикалық өсуге және әлеуметтік шиеленіске әсері сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.