"Теңге-тәуелсіздік нышаны"

20 қараша, 2023

ТДМ-8 "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу" бағыты бойынша 20.11.2023 жылы 317 дәрісханада Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті колледжінің оқытушылары Ахметова М.А. және Ерғали Д.Е. ұйымдастыруымен ұлттық валютамыз-теңгенің 30 жылдығына арналған "Теңге-тәуелсіздік нышаны" тақырыбында ашық кураторық сабақ өткізілді. Білім алушылар сабақ барысында мемлекеттің мәртебесін биіктетіп, халықаралық қаржы нарығындағы орнын анықтауда  маңызы зор болып табылатын ұлттық валютамыздың тарихын зерделеп, викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін кеңейтті.