Азық түлік қауіпсіздігі тұрақтылығы тақырыбында семинар өтілді

21 қараша, 2023

17.11.2023 э.ғ.к., «Менеджмент» кафедрасынын доценті Ж.О. Тұмбай 4 курс (6В04101) студенттерімен “Азық түлік қауіпсіздігі тұрақтылығы және жахандықдаму” тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында дамыған мемлекеттердің ішкі саясатындағы негізгі жобаларымен еліміздегі азық түлікке қатысты талдаулар жасалынды. Семинарда ФАО, ЭКСПО 2015 жылғы “Планетаны тамақтандыру.  Өмірге арналған энергия”, БҰҰ-ның негізгі экономикалық мәселелердің жауабын бірге іздеп үздік жобалар талқыланды. Әлемдік азық түлік саласының тапшылығын шешу, мемлекеттің жахандық дамуын арттыру мақсатында студенттер өз ойларын ортаға сала отырып, негізгі жауаптар айтылды.