БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДЕШ ТӨЛЕУБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ФУТБОЛДАН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

18 қараша, 2023

Футбол бәсекесі Төлеубаевтар отбасы мен ғалымның шәкірттерінің қолдауымен археология, этнология және музеология кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Факультет студенттері арасындағы  сайысқа барлығы  5 команда қатысып, бақ сынады. Бәсекелестік әрі достық көңіл-күйде өткен турнирдің барлық ойындары тартысқа толы болды. Әрбір команданың жеңіске деген ұмтылысы жоғары болды.

Ойынның қорытындысы бойынша:  

  1. I  орын –  «Ярыш» командасы (70 000 теңге)
  2. II орын – «OZMZ» командасы (50 000 теңге)
  3. III орын – «ИнЯз» командасы (30 000 теңге)

Номинациялар:

«Үздік ойыншы» - Қайредени Әл-Фараби (40 000 теңге)

«Үздік шабуылшы» - Тоқтарбеков Мади (40 000 теңге)

«Үздік қақпашы» - Құрманғалиев Бекарыс (40 000 теңге)

«Көрермендер көзайымы» - «Дөрекілер» командасы (40 000 теңге)

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, кубок және медальдар табыс етілді.  Турнирге қолдау білдірген Мағжан Әбдешұлына және ғалымның шәкірттеріне алғыс білдіреміз!