Адалдық сағаты

20 қараша, 2023

2023 жылдың 20 қарашасында Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының 2 курс магистранты Жапарбек Арайлым Алматы қаласындағы № 27 гимназияның 9-11 сынып оқушыларымен «Адалдық сағатын» өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында адалдық, әділдік қағидаттарын сіңіру, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құқықтық сананы дамыту мәселелері қарастырылды.
Іс-шара нәтижесінде оқушылар этика мен адалдықтың маңыздылығын белсенді талқылап, мәселеге қатысты өз көзқарастарымен бөлісіп және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шығармашылық идеяларды ұсынды. Біз бірге саналылық пен жауапкершілік атмосферасын құрдық!