Бейбітшілік, сот әділдігі және тиімді институттар
17.11.2023ж. мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Мереке А.Қ., 206-топ студенттерімен ТДМ-16 «Бейбітшілік, сот әділдігі және тиімді институттар» тақырыбының аясында қоғамда болып жатқан жеке тұлғаға қатысты құқық бұзушылықтар мысалында сот процесін ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 14 жұлдызында, Тараз қаласының көшелерінің бірінде, кешкі уақытта автокөлік жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзып, нәтижесінде бағдаршамды соғып құлатты. Соның салдарынан жаяу жүргіншілер жолын өтейін деген 21 жасар жүкті әйелдің басына бағдаршам құлады. Жүргізуші жол-көлік оқиғасының орнынан кетіп қалды. Осы оқиға негізінде студенттер рөлдерге бөлініп, сот процесін жүргізді. Сот отырысында студенттер өздеріне жүктелген міндеттер шеңберінде іс бойынша түрлі дәлелдемелер келтіріп, қызу талқыға салды. Іскерлік ойын соңында студенттер ортақ шешімге келіп, бұл оқиғаға әділ баға берді.