ТДМ 16 - Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар. Орнықты даму мүддесінде бейбітсүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу

20 қараша, 2023

2023 жылғы 20 қарашада кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к., Б. С. Ашыралиева  заң факультетінің 2-курс 207 топ студенттері арасында «Қазақстан Республикасында адвокатура институтын дамыту және жетілдіру: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 90 жылдығына орайластырылды.
Семинар спикері - құқық магистрі, Алматы адвокаттар алқасының адвокаты Дүйсенғали Асқартау. Семинар барысында қатысушылар адвокатураны дамыту мен жетілдірудің негізгі мәселелері бойынша спикердің сөзін тыңдап, адвокатура институтының тиімділігі мәселелері бойынша пікір алмасты, білім алушылар семинар тақырыбы аясында өз сұрақтарына толық жауаптар алды.