ҚазҰУ-да шетелдік лекторлардың тренингтері өтті

21 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шетелдік лекторлардың тренингтері өтті. Іс-шараны Al-Farabi Business School ұйымдастырды. Мақсат ­– студенттер үшін білім мен тәжірибенің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашу.

9 қарашада Гарвард университетінің аға оқытушысы Фатон Лиманидің UBT/MPA көшбасшылығы бойынша онлайн дәріс өтті. Іс-шараға ҚазҰУ магистранттары, докторанттары мен оқытушылары қатысты. Дәріс барысында көшбасшылық әлеуетті дамытудың, күрделі міндеттерді талдаудың және өзгерістерді басқарудың негізгі аспектілері талқыланды.

Сондай-ақ 18-19 қарашада «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебінің оқытушысы Сергей Кузьменконың «Клиенттермен және әріптестермен келіссөздер» тақырыбында екі күндік офлайн тренингі өтті. Бұл тренингтер бизнес-қоғамдастықтың студенттері мен кәсіпқойларына өз тәжірибесін байытуға, өзекті тақырыптарды талқылауға, көшбасшылық және келіссөздік дағдыларын жетілдіруге бірегей мүмкіндік берді.

Al-Farabi Business School жетекші әлемдік сарапшылармен шеберлік сағаттарын ұйымдастыра отырып, білім беру стандарттарын көтеруді жалғастыруда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі