- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасының менеджменті» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті
«Жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасының менеджменті» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті
ІІ Халықаралық Фараби оқулары аясында философия және саясаттану факультетінде философия кафедрасы мен факультеттің әдістемелік бюросы ұйымдастырған «Жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасының менеджменті» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Конференция жұмысына философия және саясаттану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы және Алматы қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары белсенді қатысты. Факультет профессорлары М.Ш.Хасанов, Г.Ж.Нұрышева, С.Қ.Бердібаева, Ш.С.Рысбекова, А.И.Лұқпанов, Г.А.Кенжакимова, Ж.Сейітнұр, Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің профессоры, э.ғ.д. Қуатбаева Г.К., Алматы менеджмент университетінің (ALMAU) доценті Мыңбаева Н. Б. және тағы басқалар қызықты да мазмұнды баяндамалар жасады.
Конференция барысында жоғары оқу орындарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудың сапасын арттыру және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологиялардың өзекті мәселелері қарастырылды.