“Сапалы білім беру-саналы ұрпақ тәрбиелеу” тақырыбындағы өткен вебинардың қорытындысы

21 қараша, 2023

2023 жылғы 21 қарашада сағат 12:00-де азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының 2-курс магистранты Мұратқызы Альбина “Сапалы білім беру-саналы ұрпақ тәрбиелеу” атты тақырыпта вебинар өткізді. Вебинар қонағы ретінде азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы, з.ғ.д., доцент Забих Шолпан Арапбайқызы қатысты. Вебинар 4 ТДМ  аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында сапалы білім беру, 2030 жылға дейінгі айқылдалған мақсаттар, шет елдермен тәжірибе  алмасудың маңызы, сондай-ақ степендиалық бағдарламаларда оқитын студенттердің жауапкершілігі негізінде  тақырып кеңінен талқыланды. Аталған іс-шара заң факультетінің “құқықтану” мамандығының 2-курс магистранттары мен 3-курс студенттері арасында ұйымдастырылды. Вебинарға қатысу барысында студенттер мен магистранттар тақырыпқа байланысты өздерінің ойларын ашық жеткізіп, осы аталған тақырып бойынша өз көзқарастарын білдіре алды.  Аталған тақырыптың өзектілігі Қазақстандағы білім беруді дамыту үрдістеріне тікелей байланыстылықпен талданды.

Еліміздегі білім беруді дамыту үрдістеріне тоқталатын болсақ, қазіргі қоғамда білім беру елдің дамуында және білікті мамандарды даярлауда шешуші рөл атқарады. Қазақстанда білім беру жүйесін дамытуда білім беру сапасын арттыруға және қазіргі заманғы талаптарға сәйкестікке бағытталған үрдістер бары анық. Қазақстандағы білім беруді дамыту үрдістері білім беру сапасын арттыруға, цифрлық технологияларды, кәсіптік білім беруді, халықаралық ынтымақтастықты және инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған. Бұл Қазақстанның барлық азаматтары үшін білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге және елді дамыту үшін білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.