Арзан және таза энергия

21 қараша, 2023

Энергетика адам қызметінің маңызды саласы болып табылады, өйткені ол қазіргі заманғы экономиканың дамуын қамтамасыз етеді. Әлем 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі керек. Бүгінгі таңда электр энергиясының көпшілігі қазба отындарын (мұнай, көмір және табиғи газ) жағу арқылы өндіріледі. Сондай-ақ энергияның бір бөлігі атом энергиясынан және үлкен бөгеттерден алынған энергиядан алынады. Энергияның экологиялық таза түрі не үшін қажет екенін түсіну үшін 2023 жылдың 20 қарашасында медицина және денсаулық сақтау факультетінде «Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина» кафедрасының доценті Раушанова А.М. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттерімен вебинар өткізді, онда осы мәселе бойынша өзекті тақырыптар: «Таза энергияның пайдасы мен құны», «Жаңартпайтын энергияның денсаулық мәселелері», «Электр энергиясын қалай тиімді пайдалану керек» және басқа да көптеген сұрақтар.