Визалық мәселе бойынша кездесу өтті

21 қараша, 2023

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ қандас тыңдаушылардың визалық мәселелері бойынша Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаменті мен Интернационалдандыру және рекрутинг кеңсесі мамандарының қатысуымен кездесу өткізді. Кездесуді факультет деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Келдебеков Қанат Қарақұлұлы жүргізіп, кездесуге арнайы шақырылған Интернационалдандыру және рекрутинг кеңсесі директорының орынбасары Еділбаев Бауыржан Темірболатұлы, визалық бөлім жетекшісі Саттыбаев Даурен Даукенұлына сөз кезегін берді. Кездесу барысында шетелдік және қандас тыңдаушылардың еліміздегі мәртебесі, көші-қон заңнамасына сәйкес жүріп-тұру тәртібі сондай-ақ оқу визасының қолданылу аясы жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Кездесудің негізгі мақсаттарының бірі - тыңдаушылардың виза бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.  Кездесуге қатысқан тыңдаушылар мен куратор-эдвайзерлер тарапынан түрлі сауалдар қойылып, сұрақтарына жауап алды.