5ТДМ «Гендерлік теңдік» аясында «Ерте неке және оның себептері мен салдары» тақырыбында дөңгелек үстел

21 қараша, 2023

Аталмыш жылдың 20 қарашасы күні БҰҰ-ның бесінші ТДМ “гендерлік теңдік” бағдарламасын іске асыру жолында 1-4 курс студенттерінің  қатысуымен “Ерте неке және оның себептері мен салдары” атты дөңгелек үстел өткізілді. 
Бұл бас қосудың негізгі мақсаты - қазақ қоғамындағы отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, көп жағдайда, ерте некенің ертеңінің күмәнді болып шығуы мүмкін екендігін жеткізу. Дөңгелек үстелге Smart Health University City медицина орталығының акушер-гинекологы Жаймырзаева Гүлбану Әзімханқызы спикер ретінде қатысып, аталмыш тақырыпқа қатысты өзінің кәсіби ойымен бөлісті. Қатысушы студенттер қыз балалардың денсаулығы туралы өзекті сұрақтарды қойып, кейбір созылмалы аурулардың алдын алу жолдарымен танысты.  Сонымен қатар, кәсіби маманның кеңестері бойынша жиі медициналық тексерістерден өтіп тұру керектігін ұғына алды. Дөңгелек үстелдің модераторлары - з.ғ.к. Ермухаметова С.Р.,  PhD Асанова С.Э.;з.ғ.к. Мукалдиева  Г.Б., аға оқытушы Алкебаева Ж. А.