“Тұрақты даму мақсаттары 3” аясында Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері мен Ардақ Назаровтың кездесуі өтті

18 қараша, 2023

17.10.2023ж. күні “Тұрақты даму мақсаттары 3” аясында Ақпараттық технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісі VIII-шақырылымының депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы (2003), Еуропа чемпионы (2007)Ардақ Назаров студенттермен салауатты өмір салтын ұстана отырып, қабілеттерін шыңдау, жеке тұлға ретінде даму бойынша кездесу өткізді.

Ардақ Құттықожаұлы ағамыз, жаңа буын, жас студенттерге тағылым боларлық көп ақыл-кеңестерін айтты. Тіптен, түрлі-түрлі кітаптардан ой түйіп, түртіп алған өзінің қойын дәптеріндегі ойларымен бөлісті. Жастарға рух беретін, жігер беретін керемет кездесудің куәсі болдық. Тарихымызды дәріптеп, спорт мектептерін ашып, талай жастарға дұрыс жол сілтеп, барлық өңірлерде осындай сұхбаттасу кештеріне барып, қолынан келгенше жас ұрпаққа өнеге боларлық дүние қалдыруға атсалысып жүрген ағамыз осы залда отырған әрбір жанның көкейкесті сұрақтарына жауап берді деп ойлаймыз.

Алдағы уақытта да осындай кездесулер көп болады деп сенеміз.

Жауапты: Ақпараттық технологиялар факультеті