Студенттер спектакльден ерекше әсер алды

22 қараша, 2023

Студенттер арасындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыты – тұлғаны рухани-адамгершілік, эстетикалық жағынан қалыптастыру. Осы бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырудағы негізгі міндеттің бірі – студенттердің театр сахнасындағы қойылымдарды тамашалауы.

Осындай міндетті жүзеге асыру мақсатымен гео­гра­фия және табиғатты пай­да­лану факультетінің «Жерге орналастыру», «Геодезия және картография», «Ги­дро­ло­гия» білім беру бағ­дар­ламаларының студенттері Ғ.Мү­сірепов атындағы Қа­зақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер теа­тры­ның мәдени шараларына қа­тысты. Факультет сту­дент­тері аталған өнер оша­ғында I Республикалық жас­тар театрлары фестивалінің ашылу салтанатын тама­ша­лады. Фестиваль мақсаты – еліміздегі театр әлеміндегі жас режиссерлердің же­тіс­тіктерін насихаттап, олар­дың кәсіби әлеуетін арт­тыру.

I Республикалық жас­тар театрлары фес­ти­ва­лі­нің шы­­­мылдығы ҚР мә­де­ниет жә­не ақпарат ми­­­нистрі А.Ба­лаеваның құт­­тықтау сө­­зімен ашылып, оны Мә­дениет комитеті Театр өнері басқармасының бас­шысы А.Жақ­сылыққызы оқып шықты. Фести­валь­дің ашылуына театр өне­рінің майталмандары Н.Жа­­­­қып­бай, Е.Обаев, Т.Те­менов, Ә.Рахимов, Қ.Қа­­­сымов, Г.Ми­рғалиева, М.Ах­ма­новтар қатысып, «Ең үздік режиссер» атан­ған жас режиссерлерді (Г.Бал­пейісова, М.Ха­би­буллин, А.Зай­­цев, Ә.Өмір­­бек­ұлы, Ш.Үм­­бетқалиев, А.Цой, Ә.Ос­­панбаева, Ш.Жа­­қыпбай) арнайы дип­лом және қаржылай сер­ти­фи­кат­тармен мара­пат­та­ды. Фес­­тиваль барысында сту­денттер танымал өнер қай­раткерлерімен естелік су­ретке түсті. Ашылу сал­та­натынан кейін ре­жиссер Ф.Молдағалидың «Құ­ла­гер» қойылымы кө­рер­мен­дер назарына ұсы­нылып, студенттер ерекше әсер алды.

Өкетай САҒЫМБАЙ,

 «Жерге орналастыру» мамандығының 1-курс куратор-эдвайзері  

А.ӘЛІМБАЙ,

 аға куратор