ҚазҰУ студенті қол күресінен жүлдегер атанды

22 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің 4-курс студенті Мейрамбек Байзақ армрестлингтен (қол күресі)  жастар арасында өткен Азия кубогының жүлдегері атанды.

ҚазҰУ спортшысы оң қол сайысында  3-орын, сол қол сайысында   2-орын алды.

Армрестлингтен Азия кубогы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі