«АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

16 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы ф.ғ.к. С.М.Иманқүлова, ф.ғ.к., аға оқытушы Ә.Ж.Әміров; оқытушы А.С.Жүзбаеваның ұйымдастыруымен 2023 жылдың 3 қарашасы күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі ф.ғ.к. Еділбай Төлеубайұлы Оспановтың «Академиялық жазылым және оның ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-тренингі өткізілді.