«Жүз кітап» тақырыбындаөткен студентерімен кездесудің қорытындысы
ТМД -4 аясында 8 қараша сағат 12.00 заң факультетінде Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының ОПҚ қатысуымен 315 аудиториясында «Жүз кітап» атты тақырыпта бірінші курс студенттерімен кездесу өтті.
Студенттерді аталған бағдарламамен аясында әлемдік деңгейдегі тұлғалардың еңбектерінен таныстыру жүргізілді. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау. 2018-2019 оқу жылынан бастап студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастағандығы қуантарлық жағдай.
Модератор: PhD докторы Мырзатаев Н.Д.