«Ұстаз деген - ұлы есім» тақырыбында өткен студентерімен кездесудің қорытындысы

22 қараша, 2023

ТМД-4 аясында 8 қараша сағат 11.00 заң факультетінде 317 аудиториясында «Ұстаз деген - ұлы есім» атты тақырыпта 3 курс студенттері мен әңгімелесу өтті. Студенттер ұстаздарға деген сыйластығын, адамгершілігін арттыру, шәкірт пен ұстаздың сабақтастығы туралы әңгіме қозғады.

Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын тәлімгер шығармашылықтағы адам – нағыз ұстаз.

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан да, жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланып, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті - ұстаздардың қолында.

Модератор: PhD докторы Мырзатаев Н.Д.