Экономика және бизнес Жоғары мектебінде «Фараби әлемі» атты Студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өтті

16 сәуір, 2015

13-16 сәуір 2015 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде «Фараби әлемі» атты Студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өткізілді.

Конференцияның мақсаты: студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін ашу, барынша дарынды студенттер мен жас ғалымдарды іріктеу мен қолдау, олардың интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, ғылыми мәселелерді шешуге қатыстыру.

13 сәуір 2015 жылы конференцияның ашылуына орай өткізілген пленарлық отырыста мынадай тақырыптар тыңдалды: «Экономика» мамандығының 4-курс студенті А.С. Қабдолданова – «Қазақстандағы ислам банкингінің қазіргі жағдайы мен даму перспективасы», «Инновациялық менеджмент» мамандығының 1-курс докторанты А.Жидебекқызы«Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландырудағы технопарктік құрылымдардың рөлі мен маңызы», «Экономика және құқық негіздері» мамандығының 1-курс магистранты – І.Жамбау «Бәсекеге қабілеттілік жағдайында адам капиталының дамуы», «Қаржы» мамандығының 3-курс студенті Қ.Рахымжанова – «Қазақстан Республикасының әлеуметтік инфрақұрылымындағы денсаулық сақтауды балама қаржыландыру көздері», «Инновациялық менеджмент» мамандығының 1-курс магистранты – Э.Ибрашев «Модель работы инновационного кластера на базе Казну им. Аль-фараби», «Есеп және аудит» мамандығының 1-курс магистранты Н.Калиев «Инвестиционный климат стран ЕАЭС».

Конференцияға 442 жуық мақалалар мен тезистер ұсынылып, олардың 220-сы келесідей 4 секцияның жұмысы барысында тыңдалып, талқыланды:

  1. Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық дамуын қаржылық қамтамасыз ету.
  2. Қазақстан экономикасын дамытуды басқарудың басым бағыттары.
  3. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі инфрақұрылымдық фактор.
  4. Жаңа Экономикалық саясат шеңберінде есептік-талдау қызметінің трансформациясы.

Конференцияның қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі студенттерге берілді: Н.Калиев, А.Н.Назтай, М.Самат, Қ.Рахымжанова.

Конференцияға қатысқаны үшін жүлделі орындарға студенттер «Ең үздік баяндама», «Зерттеу тақырыбының өзектілігі үшін», «Инновациялық көзқарасы үшін», «Шығармашылық бейімі үшін», «Зерттеу тақырыбының қолданбалылығы үшін», «Жоғары зерттеу деңгейі үшін», «Тақырыбының толыққанды зерттелуі үшін», «Зерттеу тақырыбының ауқымдылығы үшін», «Заманауи тақырыпқа сәйкестілігі үшін» номинациялары бойынша марапатталды.