ҚазҰУ-да алғаш рет "Фараби әлемі" аясында мектептік секция ұйымдастырылды
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде дәстүрлі «Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ғылым мен білімдегі жастар» атты студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті.
Алғаш рет «Мәдени дәстүр және дін: оқушы көзқарасы» атты тақырыпта мектептік секция өткізді. Бұған Алматы қаласының дін мен мәдениет мәселелеріне қызығатын әртүрлі мектеп оқушылары қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты мектеп жастарын СҒЗЖ аясында ғылыми зерттеу істеріне араластырумен қатар оқушылар арасында әлеуметтік гуманитарлық ғылымдармға қызығушлықтарын кәсіби бағдар беру жұмыстарына тарту арқылы ояту. Секция жұмысына әртүрлі білім мекемелерінің (мектептер,гимназиялар, лицейлер, колледждер) арасынан 20 дан астам білім алушы қатысты. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар, сыйлықтар берілді.
Оқушылардың қазіргі әлеуметтік мәдени жағдайлардың өзекті мәселелеріне көзқарасы мен алдыға қойған мақсатты шешу міндеттерінің жаңалығы мектеп жастарын СҒЗЖ аясында ғылыми зерттеу істеріне тарту қажеттігін көрсетті, бұл жоғары және орта білім беру мекемелерінің арасындағы байланысты нығайта түседі.