ҚазҰУ мен Йокогама Тоин университеті меморандумға қол қойды

2023 жылдың 21 қарашасында Медицина және денсаулық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасымен бірлесіп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапар ұйымдастырды. Йокогама Тоин университетінің (Жапония) Томонобу Сакурай «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» ҰАО және Тоин Йокогама университеті (Жапония) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.
Жапондық профессорды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры, басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмилә Айтжанова қарсы алды.
Келіссөздер барысында тараптар ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың бірқатар мәселелерін талқылады: инженерия, медицина, заңгерлік, халықаралық зерттеулер, дене шынықтыру, денсаулық сақтау және спорт ғылымы және т.б. Профессор Томонобу Сакурай дене шынықтыру және спорт саласында маманданған. Кездесуде тек ҚазҰУ-де ғана емес, Жапонияда да ерекше назар аударылатын тұрақты даму мәселелері талқыланды.
Профессор жылы қарсы алғаны үшін ризашылығын білдіріп, ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру үшін ҚазҰУ-дың үлкен әлеуеті мен мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Соңында тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Басқа жаңалықтар


