Орнықты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру шеңберінде - 3 ТДМ, 6 ТДМ, 9 ТДМ, 11 ТДМ, 12 ТДМ және 16 ТДМFarabi University

Орнықты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру шеңберінде - 3 ТДМ, 6 ТДМ, 9 ТДМ, 11 ТДМ, 12 ТДМ және 16 ТДМ

21 қараша, 2023

2023 жылғы 21 қарашада сағат 11 де, 329 аудиторияда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Роза Ережепқызы "Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердiң құқықтық жағдайы" тақырыбында ашық семинар өткізді. Семинарға кафедра оқытушылары з.ғ. к., доцент Калымбек Бакытжан, аға оқытушы Есекеева Айнаш Акимсаловна қатысты.
Дәріс барысында Университет білім алушылары өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердiң құқықтық жағдайы мен мемлекеттік реттеу және соңғы жылдары осы саладағы тиісті заңнаманы қалыптасу ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ, семинарда БҰҰ алға қойған атап айтқанда, 6 тақырыптық сала шеңберінде - 3 ТДМ, 6 ТДМ, 9 ТДМ, 11 ТДМ, 12 ТДМ және 16 ТДМ мақсаттарына қол жеткізу үшін негізгі іс-қимылдардың бірі болып табылатын жер ресурстарын тұрақты басқару мәселелері талқыланды.
Семинар тыңдаушылардың шынайы қызығушылығын тудырды және оның қорытынды бөлімінде сұрақ-жауап түрінде, студенттер арасында қызу талқыланды.