Төтенше және штаттан тыс жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау алгоритмдері

16 қараша, 2023

Филология факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы оқытушылары Азимбаева И.К., Жапарова А.Ж.  мен «Шетел филологиясы» мамандығы студенттері «ТДМ 3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және адамдардың әл-ауқатына ықпал ету» тұрақты даму жобасы аясында «Төтенше және  штаттан тыс жағдайлар кезінде өзін-өзі  ұстау алгоритмдері» атты ашық кураторлық сағатын өткізді. Студенттер төтенше жағдайлар туындаған кезде білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің, білім алушыларының іс-қимыл алгоритмдерімен хабардар етілді. Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық айтып, тақырыптарды белсенді талқылады. Сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын игерді. 
Ұйымдастырушылар:   Азимбаева И.К., Жапарова А.Ж.  
Күні мен уақыты: 16 қараша 2023 ж.