2023 жылыдың қараша айының 21-жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің мемлеĸет жǝне құқық теориясы мен тарихы, ĸонституциялық жǝне ǝĸімшіліĸ құқық ĸафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері Тұрақты даму мақсатының 2-қағидаты «Аштықты жою» тақырыбына байланысты «Мейірімділік мекені» атты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шара барысында 1 курс студенттері өздерінің қолдан жасаған тәттілерін сатып, белсенділік танытты. Жәрмеңкеден жиналған қаражат Алматы қаласы білім басқармасының «№2 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушысы Қайратұлы Санжарға ота жасауға көмек ретінде жинап берілді.
Қайырымдылық іс-шараның мақсаты студенттердің бойында мейірімділік қасиеттерін арттыру болды.