Студенттер химиялық зертханалар жұмысымен танысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінің 3-курс студенттері А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының Мұнай химиясы және мұнай-химия синтезі зертханасында болып, тәжірибелік сабақ алды.
Зертхана меңгерушісі, химия ғылымының докторы, профессор Қайрат Қадырбеков студенттерді зертхана жұмысымен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Мұнда қазақстандық ғалымдар ТДМ 12 (Тұрақты даму мақсаттары) бағытын іске асырып, тиімді тұтыну мен өндіру, қалдықтардың жиналуын азайту бойынша ғылыми-зертету жұмыстарын жүргізуде.
Профессор Қ.Қадырбеков студенттерге әртүрлі мұнай қалдықтарын (мұнай шламы, радиоактивті мұнай шламы, май қалдықтары, ластанған топырақ) тауарлық мұнай өнімдеріне, экологиялық таза материалдарға пайдалану немесе бейтараптандыру жолдарын көрсетті.
Сонымен қатар студенттер заманауи жабдықталған физика-химиялық зерттеулер зертханасына барды. Тәжірибе мен білімді арттыратын мұндай іс-шаралар жастарды мұнай-химия және мұнай-газ ісі бойынша магистратура, докторантурада оқуға құлшыныстарын арттырады.
Аталған іс-шараны Физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының оқытушылары Р.А.Ысқақова, С.М.Наренова және докторант Н.Бузаев ұйымдастырды.
Физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасы доцентінің м.а.: Р.Ысқақова, С.Наренова