Азия және Африка елдері жазушыларының V конференциясының 50 жылдығына арналған Халықаралық мәдени-ағарту конференция

21 қараша, 2023

2023 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Азия және Африка елдері жазушыларының V конференциясының 50 жылдығына арналған Халықаралық мәдени-ағарту конференциясы өтті.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының орыс әдебиеті кеңесінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы - Жақсылықов Аслан Жамелұлы тізгіндеді.

Құттықтау сөзді Алматы қаласындағы ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры (2-санат) СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас Омарұлы, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (Қазақстан, Алматы) – ЖАҚЫП Бауыржан Өміржанұлы, ЮНЕСКО хатшылығының зерттеулер, этика және ашықтық басқармасының директоры (Франция, Париж) –MELO Анджела сөйледі. Әрі қарай конференция барысында «Екі құрлық жазушылары» атты Азия және Африка елдері жазушыларының V конференциясының мұрағаттық кинохроникасы көрсетілді.   

Тарих бағыты бойынша философия ғылымдарының докторы (PhD), «Bilgamesh» халықаралық ғылыми журналының жауапты редакторы, ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының көрмелер мен конференциялар бөлімінің меңгерушісі КРУПКО Игорь Владимирович «V конференция сабақтары: саналы өзара тәуелділік дәуірінде тарихи субъективтілікке ие болу» атты тақырыпта баяндама жасады, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының бас ғылыми қызметкері ХАФИЗОВА Клара Шайсұлтанқызы Азия және Африка елдері жазушылары конференцияларының Ташкенттен Алматыға дейінгі эстафетасы туралы айтты. Барлық баяндамалардан кейін пікірталасқа кезек берілді.