- Басты бет
 - Жаңалықтар
 - «G-Global: жаһандық энергоэкологиялық тұжырымдамасын және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыру» тақырыбында онлайн семинар өтеді
 
«G-Global: жаһандық энергоэкологиялық тұжырымдамасын және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыру» тақырыбында онлайн семинар өтеді
                География және табиғатты пайдалану факультеті 2015 жылдың 17 сәуірінде сағ 15:00, 306-308 ауд. (ректорат) «G-Global: жаһандық энергоэкологиялық тұжырымдамасын және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыру» тақырыбында онлайн семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты: жаһандық энергоэкологиялық дамуды және «Жасыл көпір» Астаналық бастамаларын іске асыру және насихаттау жолдарын қарастыру; тұрақты қоғамның игілігі үшін ресурстық және энергетикалық тиімділік мәселелерін енгізу және танымалдандыру мақсатында жастарды тарту.
Семинар қатысушыларының  интерактивті байланысы Онлайн трансляция арқылы  тарату жоспарланып отыр.
 Бұл іс-шараның негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту мүмкіншіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін негізгі индикаторларды қарастыру.
 - Мемлекеттің кадр әлеуетін қамтамасыз ететін қазіргі білім беру жүйесін талдау.
 - Қоғамдағы экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жастардың назарын аударту.
 - Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұрасы, оның қоғамдық құрылыс түсінігі және қазіргі қоғамдағы тұрақты дамудың көрінісі, келешек ұрпақтың мұрагерлігі арасында байланыс орнату.
 
Онлайн семинар барысында келесі сұрақтарды талдау жоспарланады:
- Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту мәнмәтініндегі жасыл дамудың жаратылыстану-ғылыми индикаторлар жүйесі.
 - «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын сәтті жүзеге асырудағы қазіргі заманғы білім берудің және ғылымның рөлі.
 - «Жасыл көпір ұрпақтан- ұрпаққа» халықаралық консорциумы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын жүзеге асыру механизмі ретінде.
 - Әл-Фараби ізгілік қаласы мен тұрақты даму тұжырымдамасы.
 
Барлық қатысам деушілерді төмендегі G-Global платформасына шақырамыз: