Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 2023 ж. 20 қарашада қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүгізу және криминалистика кафедрасында «Әділет» клубының жетекшісі, профессор Г.М.Атаханова заң факультетінің 4 курс студенттеріне және Әділет клубының мүшелеріне (БҰҰ ТДМ- Бейбітшілік, әділеттілік сапалы институттар ”) аясында М. Есболатов атындағы Алматы ІІМ академиясының қызметкерлерімен бірігіп, 2 курс докторанты, полиция майоры Кубанова Нұргүл Байтоққызымен «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырбында бірігіп ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта «Қоғам үшін ең бастысы адамның бас бостандығы, тұрақты қалыпты өмір сүруі заңдылық, оның кепілі қатаң заңның болуы. Заманауи инновациялар мен кәсіби біліммен, практикалық тәжірибемен алмасу арқылы қоғамның назарын зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл шараларын жүргізу қажеттілігіне аудару қажет, қоғамдық өкілеттіктері шеңберінде үнемі әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға нақты көмек пен қолдау көрсету қажеттілігін алға тартты.
Ашық сабақтың мақсаты болып әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық шараларды ұйымдастыру.