24 қараша 2023 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Мереке А.Қ және 203 топ студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылған тұрақты дамудың бір бағыты саналатын “сапалы білім” бойынша “Қолжетімді және сапалы білім” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстеліміздің басты мақсаты «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты» екенін дәлелдеу. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиістігін талдау,сонымен қатар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдауды да басты назарға алдық.Жұмысымыздың барысында мынандай тақырыптарда талқылау жұмыстарын өткіздік:
1. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау;
2. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар да заман талабына сай білім алуы.
3. Мемлекет басшысының Жолдауындағы мектепке дейінгі тәрбие жұмысына да ерекше назар аударылуы.
4.Білім саласын цифрландыру мәселесі.
5.Ауыл мектептерін кезең-кезеңімен жаңғыртып, жаңа заманның талабына сай ету жұмыстары.
Тобымызбен университетіміздің 309 аудиториясында талқылау жұмыстары мен пікірталас ретінде дөңгелек үстеліміз өткізілді.Нәтижесінде білім мәдениетаралық диалогқа ықпал етуіне және әлеуметтік келісім мен әділеттілікке қол жеткізудің маңызды факторлары болып табылатын мәдени, діни және тілдік әртүрлілікке құрметіміз арта түсіп,тұрақты білім дамуының барлық мақсаттарына қол жеткізу не оны жеделдету біздердің қолымызда екенін түсіндік.Іс-шарамыз жоғарғы деңгейде,өте қызықты түрде өтті.