2023 жылғы 23 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасының "Абай" залында филология факультеті орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының студенттерімен жазушы, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы және "ОГИ" баспасының баспагері Максим Амелинмен "Ұлы Жібек жолында" атты кітап полиграфиялық көрмесі аясында кездесуі өтті.

    Кездесуде автор өзінің шығармашылығы, аударма қызметі туралы айтып, қазақ жазушыларымен: "ТМД елдерінің қазіргі әдебиеті", "Қазіргі орыс прозасы мен поэзиясы" антологиясы қазақ тіліне және ТМД елдерінің басқа да тілдеріне аударылған бірлескен жобадағы жұмысы туралы бөлісті. Автор өлеңдер, аударма мәтіндерін оқыды....

   Дөңгелек үстелдің спикері "Орыс тілі мен мәдениеті" орталығының директоры, профессор С. Б. Бегалиева болды.

     ҚазҰУ кітапханаға сый ретінде жазушы кітаптар берді .

     Кездесуге бакалавриат студенттері, магистранттар, докторанттар, филология факультетінің оқытушылары, аудармашы Дмитрий Колчигин (Қазақстан) қатысты.

   Іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы “Орыс тілі мен мәдениеті" орталығы, ҚР Алматы қаласындағы Россотрудничество ұйымдастырды.