«Әлемдік дамудың жаһандық трендтері: шындығы мен перспективасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

24 қараша, 2023

2023 жылдың 1 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар факультеті Халықаралық қатынастар факультетінің Тұңғыш деканы  Жамбатырова  Гүлжауһар Шағатайқызының (1943-2002) 80 жылдығына арналған «Әлемдік дамудың жаһандық трендтері: шындығы мен перспективасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

            Конференцияда қазіргі халықаралық қатынастарды, сыртқы саясат пен дипломатияны дамытудың негізгі параметрлерін талқылау жоспарлануда; халықаралық өзара әрекеттесу саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну; саясат, халықаралық құқық, экономика, халықаралық қауіпсіздіктегі негізгі тенденцияларды, сонымен қатар әлемдік саясаттың алдында тұрған сын-қатерлер мен тәуекелдерді қарастыру; Қазақстанның сыртқы саясаты мен  дипломатиясы үшін перспективалық сценарийлері мен мүмкіндіктерін ұсынады.

            Өтетін орны: Қарасай батыр көш., 95 А, Халықаралық қатынастар факультеті.

            Күні мен уақыты: 1 желтоқсан 2023 жыл,  сағат 9.30-16.00.