Философия және саясаттану факультеті ғылыми алаңын кеңейтуде

7 қыркүйек, 2023

07.09.2023 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Б.Б. Мейрбаев Иран Ислам Республкасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығының Мәдени кеңесшісі Хусейн Ағазадемен кездесу өткізді. Шараға дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А. Д. Құрманалиева, деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А.Б. Альчимбаева және професорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Іс-шарада факультет ғалымдары мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа жоспарлар мен басым бағыттардың жүзеге асуына бағытталған ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салынды. Білім, ғылым саласының алдына қойған міндеттерді шешуде ғылыми серіктестікті және академиялық ынтымақтастықты нығайтып, сапалы әрі құндылығы жоғары ғылыми жобалар, бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша келіссөз жүргізді.

Жиынға қатысушы Ислам Республкасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығының өкілдері ғылымды дамытудағы түйткілді мәселелерді де ортаға салды және алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде Хусейн Ағазаде университет ғалымдарына ризашылығын білдіре отырып, екі ұйым­ның да қоғамдағы салмағы жоғары екенін мәлімдеді. Білім,ғылым, мәдениет салалары бойынша жаңа басымдықтар мен әдіс­терді бел­­гілеп, қолға алынған бастамалардың тиімділігіне баса мән беру керектігін атады.

Сонымен қатар, халықаралық академиялық ынтымақтастықты жақсартып, «Дінтану», «Мәдениеттану» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру, жас ғалымдардың тағылымдамасы сынды мәселелерді қолға алу көзделді. Ислам Республикасындағы белгілі Фарабитанушы ғалым-зерттеушілердің қатысуымен халықаралық форум, конференциялар мен вебинарлар ұйымдастыру жоспары талқыланды.

Кездесу нәтижесінде 2023-2024 оқу жылының қазан айында әл-Фараби мұраларындағы ізгілік және этика мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізуді ұйғарды және конференцияны екі ел арасында ауыспалы режимде өткізу туралы шешім қабылдады.