«Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын іске асыру» тақырыбы бойынша халықаралық дөңгелек үстел

4 қазан, 2023

 

2023 жылдың 4 қазанында Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы «Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын іске асыру» тақырыбы бойынша халықаралық дөңгелек үстелді ұйымдастырып, өткізді және бұл шараға Новокшанова Н.А. (Астана қаласы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орнықты даму мақсаттары жөніндегі хатшылығының жетекші сарапшысы), сондай ақ кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Іс-шараның модераторы Шабденова А.Б. (доценттің м. а., PhD) болды. Новокшанов Н.А. негізгі баяндамасында Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарының ерекшеліктерін, сондай-ақ ТДМ іске асырудың одан әрі кезеңдерін атап өтті және «дөңгелек үстелге» қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. «7М011401-Әлеуметтік жұмыс» білім бағдарламасының магистранты Патрик Розалин Нигериядағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Аға оқытушы, соц.ғ.кандидаты Кенжакимова Г.А. пікірсайысты қорытындылап, аяқтады.