Кафедра түлектерімен жұмыспен қамтылуы бағытында кездесу

19 қазан, 2023

 

2023 жылдың 19 қазан күні Тұрақты дамудың "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу" мақсаты аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы түлектердің жұмыспен қамтылуы бағытында кездесу өткізді.

Іс-шара ұйымдастырушылары: факультет деканы, қауымдастырылыған профессор Мейірбаев Б.Б., дінтану және мәдениеттану кафедра меңгерушісі Құрманалиева А.Д. және аға эдвайзер Мұқан Н. 

Кездесуді өткізуге Қызылорда  обылысының  Қызылорда дін істері басқармасы басшысының орынбасары Қамзаев Б.О., және Қызылорда облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы Әбішева А.Ж келді. Кездесу еркін форматта өтіп, дінтану, исламтану мамандықтарының 1-4 курс студенттері қатысты.