Өзбекстандық профессордың қонақтық дәрісі

24 қазан, 2023

 

2023 жылдың 24 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында М.Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Холбеков Абдуғани Жұманазаровичтің қонақтық лекциясы өтті.

Дәріскер Орталық Азия елдерінің Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізі болып табылатын білім беру, денсаулық сақтау, экономикалық жұмыспен қамту, туризм, өңдеу өнеркәсібі және т.б. салаларын дамытудағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Орталық Азия елдері арасындағы, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» пен Өзбекстан Ұлттық университетінің «Әлеуметтану» кафедралары арасындағы қазіргі кезеңдегі әлеуметтік өзгерістер процестері, ынтымақтастықтағы әлеуметтану ғылымының даму тарихы мен перспективалары талқыланды.  Оқытушы-профессорлар құрамы, докторанттар мен магистранттар арасында Өзбекстанда ғылыми орталықтарды құру және пайдалану тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды.

https://www.kaznu.kz/content/images/news/97590.jpeg