Erasmus бағдарламасы: әлеуметтік жұмыс саласындағы әлеуетті арттыру

12 маусым, 2023

 

2023 жылдың 12 маусымында Каритас әлеуметтік жұмыс колледжінің (Caritas-College of Social Work) өкілдері философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев және әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Г.С. Абдирайымовамен кездесті. Іс-сапар асында Erasmus+  оқытушылармен тәжірибе алмасу бағдарламасы негізінде колледж директоры Ph.D. Martin Bednář, студенттік тәжірибе орталығының жетекшісі Štěpán Žáček және оқытушы Lenka Tkadlčíková-лармен кездесу өтті.

Каритас әлеуметтік жұмыс колледжі - Чехиядағы "қайырымдылық пен әлеуметтік жұмыс" және "әлеуметтік-гуманитарлық қызмет" бакалавриат деңгейіндегі оқу бағдарламаларын ұсынатын жетекші ұйымдардың бірі. Кафедра меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Г.С. Абдирайымова мен әлеуметтану ғылымдарының докторы, кафедра доценті Н.У. Шеденова осы жылдың сәуір айында Каритас әлеуметтік жұмыс колледжіне ғылыми іс-сапармен тәжірибе алмасқан.

Сонымен қатар, іс-сапармен барысында әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің түрлі базаларына бару жоспарлануда: "Родник" қоғамдық қоры, "Kumis Khasyr" белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, "Ана үйі", АРДИ және басқалар.