13.09.2023 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік қалашық әкімшілігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №9 студенттер үйінде тұратын философия және саясаттану факультетінің бірінші курс студенттерімен жиналыс болып өтті. Жиналысқа Бостандық АПБ полиция қызметкері В.Б. Сисенова, педагог-психолог Т.А. Мейрамбекұлы, факультет деканы орынбасары Ө.А. Өмірбекова, студенттік қалашық қызметкерлері Е.Т. Қалшаев, Б.Б.Дихан, Б.Б.Сатылғанова, Қ.Оразханқызы қатысты. Студенттерді Ар-намыс кодексімен, студенттер үйінде тұру ережелерімен таныстырып көкейтесті сұрақтарына түсініктемелер берілді.
Басқа жаңалықтар
26 желтоқсан, 2024
26 желтоқсан, 2024
25 желтоқсан, 2024